$ 491.68 € 568.23 ₽ 6.2

Елімізде мас жүргізушілерді тексеру тәртібі өзгереді

Редакция
13 наурыз 2026, 09:56
Елімізде мас жүргізушілерді тексеру тәртібі өзгереді Сурет авторы: kolesa.kz

Енді Қазақстанда адамның ішімдік ішкен-ішпегенін немесе есірткі қолданғанын тексеру тәртібі жаңаша жүргізілмек. Денсаулық сақтау министрлігі тиісті бұйрықты «Ашық НҚА» порталында жариялады. Құжатты талқылау 27 наурызға дейін жалғасады.

Негізгі жаңалық - мас болу деңгейін анықтайтын сапалық көрсеткіштердің енгізілуі. Бұл дәрігерлерге адамның жағдайын дәлірек тіркеуге және «күмәнді» қорытындыларды азайтуға мүмкіндік береді. Лабораториялық зерттеулер де бұрынғыдан бетер егжей-тегжейлі тексерілмек.

Министрлік бұл қадам медициналық сараптаманың әділ өтуіне және азаматтардың сенімін нығайтуға көмектеседі деп сендіріп отыр. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін көптеген жүргізушілер сараптама нәтижелері қолдан жасалатынына шағымданған болатын.

Сонымен қатар алдағы уақытта кәсіпорындарда қызметкерлерді тексеретін арнайы кабинеттер ашылатыны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар