$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Еліміздегі тұңғыш АЭС салынатын жер белгілі болды

Редакция
25 ақпан 2025 06:37 1901
Еліміздегі тұңғыш АЭС салынатын жер белгілі болды Сурет авторы: Depositphotos

Қазақстан Үкіметі елдегі алғашқы атом электр станциясының құрылыс орнын ресми түрде бекітті. Тиісті қаулы нормативтік актілер базасында жарияланды.

«Алматы облысының Жамбыл ауданында "Атом электр станциясы" ядролық қондырғысын салу туралы шешім қабылдансын», — делінген құжатта.

Қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов 2024 жылғы 30 желтоқсанда қол қойған, алайда ол бүгін ресми жарияланғаннан кейін ғана күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар