Еліміздегі топ-5 банктің бірін грузиялық инвестор сатып алуы мүмкін
Сурет авторы: shutterstock
Халықаралық қаржы әлемінде үлкен сенсация күтілуде. Акцияларының құны соңғы бес жылда 740 пайызға бір-ақ өсіп, Еуропадағы ең табысты қаржы институтына айналған Bank of Georgia-ның бас компаниясы — Lion Finance Group Plc Орталық Азия нарығын бағындыруға бел буды. Лондон қор биржасындағы беделді FTSE 100 индексіне енетін және нарықтық капитализациясы 7,9 миллиард долларға жеткен бұл бәсекелес енді Қазақстан мен Өзбекстанның ірі банктерін сатып алуды көздеп отыр.
Топтың бас атқарушы директоры Арчил Гачечиладзе Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында компанияның жоспарымен бөлісті. Оның айтуынша, грузиялық гигантты уақ-түйек ойыншылар мүлдем қызықтырмайды. Олар тек еліміздегі ең ықпалды, үздік үштікке немесе ең кемі топ-5 қатарына кіретін алып банктерді ғана нысанаға алмақ. Негізгі мақсат — өзінің озық цифрлық экожүйесін ауқымды нарықтарға енгізіп, географиялық шекараны кеңейту. Бұл стратегия бұған дейін Арменияда сәтті жүзеге асқан болатын: 2024 жылы елдегі ең ірі Ameriabank-ты сатып алған топ қазірдің өзінде сол елдегі активтердің үштен біріне иелік етіп отыр.
Осы орайда «Қазақстандағы қай банк грузиялық инвестордың қанжығасына байлануы мүмкін?» деген заңды сұрақ туындайды. 2026 жылғы тамыздағы ресми деректерге сүйенсек, елдегі топ-5 банктің қатарында Halyk Bank (21,5 трлн теңге актив), Kaspi Bank (10,5 трлн теңге), Банк ЦентрКредит (9 трлн теңге), мемлекеттік Отбасы банк (6,1 трлн теңге) және ForteBank (5,5 трлн теңге) бар.
Сарапшылардың назары әсіресе миллиордер Булат Өтемұратовқа тиесілі ForteBank-ке ауып отыр, себебі бұған дейін де бұл қаржы институтын венгриялық OTP Group сатып алуы мүмкін деген сыбыстар шыққан еді. Ал Kaspi Bank пен Банк ЦентрКредит сияқты жекеменшік алыптардың артында Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе және Бахытбек Байсейітов сынды елдегі ең бай бизнесмендер тұр.
JPMorgan сарапшылары Lion Finance Group Plc акцияларын белсенді түрде сатып алуға кеңес беріп, осы онжылдықтың соңына қарай топтың иелігіндегі банктер саны екі еседен астамға көбейеді деп болжайды. Қазақстанның қаржы нарығындағы бұл ықтимал мәміле елдегі банк секторының қайта бөлінісіне және цифрлық бәсекенің жаңа деңгейге көтерілуіне алып келуі әбден мүмкін.
Соңғы жаңалықтар
-
Air Astana-ның бұрынғы басшысы айына шамамен 57 млн теңге сыйақы алған
1 сағат бұрын
-
Елімізде жаңа оқу жылында 4 миллионнан астам бала мектепке барады
1 сағат бұрын
-
Еліміздегі топ-5 банктің бірін грузиялық инвестор сатып алуы мүмкін
1 сағат бұрын
-
Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы балалар нейрохирургиялық роботы Өскеменге орнатылады
1 сағат бұрын
-
Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Бішкекке барды
2 сағат бұрын
-
Қазақстанда жекеменшік мектептерді мемлекеттік қаржыландыру мөлшері бекітілмек
2 сағат бұрын
-
Алматыда бензин, газ және дизельмен жүретін көліктер қосымша тексеріледі
2 сағат бұрын
-
Журналистердің кулуарда депутаттарға сұрақ қоюына шектеу қойылды
4 сағат бұрын
-
Orda.kz жобасы жұмысын тоқтатады
4 сағат бұрын
-
Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
5 сағат бұрын
-
Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қаринге бірқатар міндет жүктеді
6 сағат бұрын
-
Ақтауда катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
6 сағат бұрын
-
Тоқаев пен Путин Бішкекте кездеседі: Қос ел лидерлерінің кездесуінде қандай мәселелер талқыланады
7 сағат бұрын
-
Қар жаууы мүмкін: қыркүйек айының басында күн күрт суытады
7 сағат бұрын
-
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік арзандады
7 сағат бұрын
-
Олжас Бектенов Премьер-Министр қызметінде қалды
8 сағат бұрын
-
Ерлан Қарин Қазақстанның Вице-Президенті болып сайланды
8 сағат бұрын
-
Ерлан Қарин Қазақстанның Вице-Президенті қызметіне ұсынылды
8 сағат бұрын
-
Halyk Bank басқа банктерге ақша аударғанда ұсталатын комиссия мөлшерін арттырмақ
8 сағат бұрын
-
Алматыда 1 қыркүйек күні кептелісті азайту үшін қандай шаралар қабылданады
9 сағат бұрын
-
Қазақстандық теннисші Александр Бублик US Open-2026 турнирінің екінші айналымына шықты
9 сағат бұрын
-
Непал мен Қытайдағы тасқыннан қаза тапқандар саны 800-ге жуықтады
9 сағат бұрын
-
Қазақстанда тұмау мен коронавирусқа қарсы жаңа маусым басталды
9 сағат бұрын
-
Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
9 сағат бұрын
-
Түркістанда хоккейден жастар арасындағы кубок бәсекесі басталды
2 күн бұрын
-
«Creative aimaq»: Түркістан облысы Астанада мәдени-инновациялық іс-шара өткізеді
2 күн бұрын
-
Бүгілмелі iPhone қашан шығады: Apple жаңа өнімдерін таныстырады
3 күн бұрын
-
ШҚО-да жоғары оқу орнына түскен түлектер саны артты
3 күн бұрын
-
Жаздың соңғы күндері қар жауып, үсік жүруі мүмкін
3 күн бұрын
-
Аймағамбетов, Ахмедиев, Шапақ: Құрылтай комитеттерін кімдер басқарады
3 күн бұрын
-
Құрылтай төрағасының үш орынбасары сайланды
3 күн бұрын
-
Малайзия қазақстандықтарды неге елге кіргізбей жатыр
3 күн бұрын
-
FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір қызметкер жарақат алды
3 күн бұрын
-
Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды
3 күн бұрын
-
Сабақта телефон қолдануға рұқсат берілді ме? Оқу-ағарту министрлігінің күтпеген мәлімдемесі
3 күн бұрын
-
Тоқаев Вице-Президент пен Премьер-Министрдің кандидатураларын Құрылтайға ұсынады
3 күн бұрын
-
Қазақстанда Халық Кеңесі қыркүйектің екінші жартысында құрылады
3 күн бұрын
-
Қазақстанда «Алтын виза» енгізіледі: Тоқаев Құрылтайда маңызды тапсырма берді
3 күн бұрын
-
Құрылтай Президентке министрлерді қызметтен босатуды ұсына алады
3 күн бұрын
-
«Біздің тарихымыз тек нәубет пен азаптан тұрмайды»: Тоқаев тарихты бұрмаламауға шақырды
3 күн бұрын
-
Тоқаев Айбек Дәдебайды Құрылтай төрағасы қызметіне ұсынды
3 күн бұрын
-
«Қаражат оңды-солды жұмсалмайды»: Тоқаев Ұлттық қор туралы айтты
3 күн бұрын
-
Астана тұрғындары мен қонақтарына ескерту: Әуежайдағы LRT станциясына шектеулер енгізілді
3 күн бұрын
-
«Миссиясын атқара алмай отыр»: Тоқаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін сынға алды
3 күн бұрын
-
Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберді
3 күн бұрын
-
Испанияда қола дәуіріне тиесілі қазынаны 4 минут ішінде қолды қылды
3 күн бұрын
-
Қазақстанның жаңа Құрылтайы жұмысын бастайды: 145 депутат ант береді
3 күн бұрын
-
Непалда жоғалған қазақстандықтар саны екеуге жетті
3 күн бұрын
-
Непалдағы жойқын су тасқыны: Қаза тапқандар саны 469 адамға жетті
3 күн бұрын
-
Трамптың кезекті шулы шешімі: АҚШ картадан канадалық атауды алып тастады
3 күн бұрын