$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Елімізде жыл сайын 40 мың адам инсульт алады

Редакция
10 қазан 2024 02:31 4680
Елімізде жыл сайын 40 мың адам инсульт алады Сурет авторы: frontiersin.org

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсульт алады. Былтыр бұл көрсеткіш 45 мыңға жеткен. Өкінішке қарай, инсульт алған науқастардың көбі инсульттен кейін бірден немесе көп ұзамай қайтыс болады.

Ал әлемде жылда 12,2 млн адам инсульт алады. Оның жартысынан астамы, яғни 6,5 млны көз жұмады. Науқастардың жалпы саны 101 млн-нан асып түседі. Мамандардың айтуынша, жедел медициналық көмек көрсетілсе, науқастың мүгедек болып қалу ықтималдығы төмендейді.

Қазақстанда 81 инсульт орталығы жұмыс істейді. Оның 62-сінде толыққанды ем-дом көрсетіледі. Науқастарға тромболитикалық дәрі тегін беріледі. Ота да тегін жасалады.

Соңғы жаңалықтар