$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Елімізде жыл басынан бері 9 мыңға жуық отбасы ажырасқан

Редакция
14 мамыр 2024 13:18 1707
Елімізде жыл басынан бері 9 мыңға жуық отбасы ажырасқан

Қазақстанда жыл басынан бері 9 мыңға жуық отбасы ажырасқан. Кейінгі үш айда неке қиған жастардың саны 26 мыңнан асты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

Жалпы қаңтардан бері Қазақстанда адам саны 62 мыңға көбейіп, 20 миллионнан асты. Оның ішінде 12 жарым миллионы – қала тұрғыны, ал 7 жарым миллионы – ауыл халқы. Ал биыл 91 мың сәби дүниеге келсе, 33 мың адам қайтыс болған. Жалпы туу көрсеткіші бойынша Маңғыстау облысы көш бастап тұр. Одан кейін Түркістан мен Шымкент қаласында туылған бала көп.  

Қазақстанда ажырасу көрсеткіші 2024 жылдың басында 1000 адамға шаққанда 4,6-ны құрады.

Биыл 4 наурызда жаңартылған Petrelli Previtera мәліметі бойынша, Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемде Мальдив аралдарынан кейінгі екінші орында тұр: 1000 адамға шаққанда 4,6. Сарапшылар еліміздегі ажырасудың негізгі себебі деп туыстарының араға түсуін (61%), моральдық шектеулердің болмауын (41%), ажырасу процесінің жеңіл болуын (25%) атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар