$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Елімізде жетім балалар көбейген

Редакция
04 маусым 2024 07:46 2615
Елімізде жетім балалар көбейген Сурет авторы: ашық дереккөзден

Бұл туралы бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді.

Оның мәліметінше, елімізде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 115 мекеме бар. 

"Осы мекемелерде төрт мыңнан астам бала тұрады. Ал жалпы елімізде 22 мың жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Оның 17 мыңы қамқорлықта, патронаттық тәрбиеде және туыстарымен тұрады", – деді Зәкиева Jibek Joly телеарнасындағы "Уәде" бағдарламасына берген сұхбатында.

Ол жетімдердің саны жыл сайын артып жатқанын айтып өтті. Уәкілдің деректеріне сүйенсек, жылына орта есеппен 4 мың бала балалар үйіне немесе бейімдеу орталықтарына келіп түседі. Ал жыл басталғалы 4 мыңнан асып үлгерген.

Соңғы жаңалықтар