Елімізде такси қымбаттауы мүмкін. Не үшін?
Сурет авторы: Яндекс
Қазақстанда таксопарктерді жеңілдетілген салық режимінен шығару такси бағасының көтерілуіне, компаниялардың жаппай банкрот болуына және жүргізушілер санының азаюына соқтыруы ықтимал. Бұл туралы Ассоциация президенті Мейрамбек Әбілқасов пен сала өкілдері баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Нақтырақ айтқанда, салық органдары жариялайтын жаңа ОКЭД тізімінің жобасына 77111 – «Жеңіл автокөліктерді және жеңіл автокөлік құралдарын жалға беру» қызметі енгізілмеген. Бұл жағдайда таксопарктер жалпыға бірдей салық режиміне көшеді.
Сарапшылардың айтуынша, күнделікті автокөлік жалдау құны 17 мың теңгеден 22 мың теңгеге дейін өседі. Такси жүргізушілері қазіргі табысынан айырылып, күніне небәрі 4–5 мың теңге үшін жұмыс істеуге мәжбүр болады.
«Бұл – жүргізушілер үшін әділетсіз жағдай», – деді Әбілқасов.
Ассоциацияның есебіне сүйенсек, қазір такси жүргізушісінің таза айлық табысы 250–300 мың теңгені құрайды. Олар күн сайын автокөлік жалдау ақысына – 17 мың, агрегатор комиссиясына – 7–8 мың, тамаққа 2–3 мың теңге жұмсайды.
«Егер аренда қымбаттаса, бұл жұмысты істеу мүмкін болмайды», – дейді такси жүргізушісі Махамбет Айтқожин.
Таксопарктердің шығындары да күрт өседі. Мәселен, бүгінгі күні бір ғана компания жеңілдетілген 4% ставка бойынша 27 млн теңге салық төлесе, жаңа режим енгізілсе, бұл сома 176 млн теңгеге жетпек.
«Бұл – автопарктер үшін көтере алмайтын сома. Олардың шығыны негізінен қызметкерлерге жалақы төлеу, кеңсе ұстау, автокөлік лизингі мен жөндеу жұмыстарына жұмсалады. ҚҚС енгізу жағдайды ушықтырады», – деп түсіндірді Әбілқасов.
Nomad Taxi басшысы Ілияс Оспановтың сөзінше, автопарктер көлікті әдетте үш жылға лизингке алады, ал табыс тек міндеттемелерді жапқаннан кейін ғана қалыптасады.
«Егер жаңа режим күшіне енсе, аренда бағасы 40%-ға өседі. Бұл – жүргізушілерге ауыр соққы. Жаппай банкроттық басталады», – деді ол.
Құқықтанушы Қайсар Егісбаев үкіметтің мұндай шешімі халықаралық тәжірибеге қайшы келетінін атап өтті.
«Көп елде такси қызметіне әлеуметтік сала ретінде жеңілдіктер беріледі. Бізде жалғыз жеңілдік – салықтың жеңілдетілген режимі еді. Сондықтан оны не осы ОКЭД бойынша қалдыру керек, не жаңа код енгізу қажет», – деді ол.
Ассоциация қазір Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен байланыс орнатуға тырысқанымен, ресми жауапта тек тізімдегі ОКЭД нөмірлері көрсетіліп, нақты шешім қабылданбаған.
Сала өкілдері бұл шешім қабылданса, такси бағасы күрт қымбаттап, автопарктердің сапасы төмендеп, нарықта ескі көліктер қайта көбейетінін ескертеді.
Соңғы жаңалықтар
-
МӘМС болмаса да: 2027 жылдан бастап қазақстандықтар қандай тексеруден тегін өте алады?
4 сағат бұрын
-
Қытай көлік экспортын қатаңдатады: бұл Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?
5 сағат бұрын
-
Сабақтан кейінгі жанжал мектеп оқушысының өлімімен аяқталды
5 сағат бұрын
-
«TikTok-менталитеттен» арылудың жолы: Тоқаев жастардың мінез-құлқын өзгертетін бастама ұсынды
6 сағат бұрын
-
Қазақстанның робототехника құрамасы FIRST Global Challenge 2026 халықаралық чемпионатында үздік төрттікке енді
7 сағат бұрын
-
Ерлан Қошанов: Мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақты диалогтың жұмыс істейтін жүйесін құруға тиіспіз
7 сағат бұрын
-
Қазақстанда семіздікті кешенді емдеу мен алдын алудың жаңа бағдарламасы басталды
9 сағат бұрын
-
Ресейдің сұрауымен Астанада ұсталған Украина азаматы босатылды
10 сағат бұрын
-
Астанада әскери ұшақтар ұшып, жол қозғалысы шектеледі: себебі неде?
11 сағат бұрын
-
Үндістанда танкерде бірнеше ай қалған қазақстандық елге қайтарылады
11 сағат бұрын
-
Непалдағы апат: жоғалды деп есептелген қазақстандық елде екені анықталды
12 сағат бұрын
-
Доллар қайта қымбаттады: 9 қазандағы валюта бағамы
13 сағат бұрын
-
Солтүстікте күн суытады, оңтүстікте +24 градус: 9 қазанға болжам
13 сағат бұрын
-
Қазақстан Халық Кеңесі 2026–2027 жылдарға арналған жұмыс жоспарын талқылады
23 сағат бұрын
-
Экологиялық мәдениет сенбілікпен шектелмейді: Өскеменде жастар «Таза Қазақстан» идеясы төңірегінде бірікті
1 күн бұрын
-
Құрылтай IT мамандарын жасанды интеллект бойынша ұсыныс беруге шақырды
1 күн бұрын
-
БАӘ министрі Астанадағы фестивальді жасанды интеллектің үздік үлгісі ретінде бағалады
1 күн бұрын
-
АҚШ-та қалғысы келетін шетелдік студенттерге талап күшейтілуі мүмкін
1 күн бұрын
-
«Жапонияда 11 мың, Қазақстанда 463 мың теңге»: Аймағамбетов дәрі мәселесін көтерді
1 күн бұрын
-
Қазақстанда кімге мемлекеттен жәрдемақы берілмейді? Отбасыңыздың әл-ауқаты баллмен есептеледі
1 күн бұрын
-
14 қазақстандық соғыс аймағынан қайтарыла ма? СІМ жауап берді
1 күн бұрын
-
Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесмен анықталды: Forbes жаңа рейтинг жариялады
1 күн бұрын
-
Астанада гардеробта балалар қысылып қалған видеодан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды
1 күн бұрын
-
Алматы облысында тротуардағы балаларды қағып кеткен жүргізуші ұсталды
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап ауқатты қазақстандықтарға бірқатар жәрдемақы төленбейді: Үкімет тізімді бекітті
1 күн бұрын
-
ДДСҰ артық салмағы бар балаларды операция мен дәрі-дәрмексіз емдеудің жолын айтты
1 күн бұрын
-
Жаңбыр, сулы қар және көктайғақ: 8 қазанда күн райы қандай болады
1 күн бұрын
-
Тоқаев Путинге телефон соғып, туған күнімен құттықтады
2 күн бұрын
-
ЖСН-ді өзгертуге бола ма: ІІМ жауап берді
2 күн бұрын
-
Астанада діндердің климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі рөлі туралы құжат қабылданды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда әскери қылмыстардан зардап шеккендер саны рекордтық деңгейге жетті
2 күн бұрын
-
Құрылтай 6 жоғары сот өкілдерін лауазымдарынан босатты
2 күн бұрын
-
Қазақстан неге дәл Сербиямен әскери ынтымақтастықты күшейтіп жатыр?
2 күн бұрын
-
Тоқаев FIDE басшысы болған Тимур Турловқа бірқатар міндет қойды
2 күн бұрын
-
Университет курстарын ЖИ әзірлейді: SDU студенттері отандық AI-платформа ойлап тапты
2 күн бұрын
-
Қазақстаннан Нью-Йоркке тікелей рейс ашу тағы кейінге қалды
2 күн бұрын
-
Астанада 15 ЖОО студенттері бағын сынаған театрландырылған байқау өтті
2 күн бұрын
-
Ресей әскерінен қашып, Қазақстанға кірген азамат елден шығарылмақ
2 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өндіре тұра, неге Ресейден бензин мен дизель сатып алады?
2 күн бұрын
-
Қазақстан мен Сербия бір-біріне қару-жарақ пен әскери техника жеткізе алады
2 күн бұрын
-
Шоты бұғатталған қазақстандықтардың негізгі қажеттіліктеріне ақша қалдыру ұсынылды
2 күн бұрын
-
Құрылтайдағы мандатын тапсырған Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болды
2 күн бұрын
-
Студенттердің банк карталары бақыланады: Парламентте маңызды бастама көтерілді
2 күн бұрын
-
30 млрд теңге үнемделеді: Қазақстан Ресейден мұнай өнімдерін импорттауды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Адам миын жарықпен басқару: Медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды
2 күн бұрын
-
«140 мың теңге айлық»: Қазақстандық дәрігерлер жалақыны өсіруді талап етіп жатыр
2 күн бұрын
-
Құрылтай депутаты Татьяна Савельева өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатты
2 күн бұрын
-
Ресейдегі зертханашының қазасы: ДДСҰ оба тарау қаупін бағалады
2 күн бұрын
-
«Сенесіз бе, сенбейсіз бе...»: Трамп Украинадағы соғысты тоқтатудың соңғы кезеңіне келгенін мәлімдеді
2 күн бұрын
-
Ресейдегі соғыс аймағына тап болған қазақстандықтар елге қалай қайтарылады?
2 күн бұрын