$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Елімізде тағы бір қор пайда болады

Редакция
19 желтоқсан 2024 03:57 1024
Елімізде тағы бір қор пайда болады Сурет авторы: ашық дереккөзден

Премьер-Министр Олжас Бектенов халықаралық және қазақстандық сарапшылармен Венчурлық инвестициялар қорлары қорын іске қосу мәселесін талқылады.

Қордың негізгі мақсаты – жаһандық капиталды тарту, стартап экожүйесін дамыту және елдің технологиялар мен инновациялар аймағындағы орталық ретіндегі орнын нығайту.

Орта мерзімді перспективада қор $1 млрд жеке инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Бұл қаражат әлемдік, өңірлік және қазақстандық жетекші венчурлық қорларға бағытталады.

«Бұл экономиканы түрлендіру үшін қажетті жаһандық құзыреттер мен маңызды технологияларға қол жеткізуді және тиімді әртараптандыруды қамтамасыз етеді», – деп атап өтті үкімет өкілдері.

Қазіргі уақытта ірі қазақстандық бизнес өкілдерінен старттық капиталды құру үшін $100 млн-нан астам өтінімдер жиналды.

Қордың қызметі жасанды интеллект, цифрлық денсаулық сақтау және басқа да маңызды технологиялық салалар сияқты перспективалы бағыттарға шоғырланатын болады.

Соңғы жаңалықтар