$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Елімізде су тасқынынан 8 мыңнан астам мал қырылды

Редакция
10 сәуір 2024 06:28 2129
Елімізде су тасқынынан 8 мыңнан астам мал қырылды Сурет авторы: видеодан кадр

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тілебалдин айтты.

Оның мәліметінше, су тасқыны кезінде еліміз аумағында 88 мың мал қауіпсіз аумаққа шығарылды. 

"Жедел деректер бойынша өлген мал саны - 8,1 мың. Оның ішінде ұсақ мал – 6 мың, ірі қара – 1,5 мың, жылқы – 514. Республикалық эпизоотияға қарсы отряд мал өлекселерін жою жұмыстарын жалғастырып жатыр", - деді О. Тілебалдин Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Ол 4,1 мың малдың өлексесі жойылғанын атап өтті. Республикалық штаб өлген мал иелеріне өтемақы төлеу алгоритмін бекітті. Мал иелерін анықтау, келген шығынды есептеу және басқа да мәселелерді шешу үшін өңірлерде жергілікті атқарушы органдар шығынды анықтау жөніндегі комиссиялары құрылды. Мал иелері тиісті мәліметтерді көрсете отырып, жергілікті комиссияға өтініш беруі керек. Қырылған мал бал басына меншік құқығы комиссиялардың актілерімен расталады.

Соңғы жаңалықтар