$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Елімізде нашар жолдар ақысыз болуы мүмкін

Редакция
18 желтоқсан 2024 10:02 3654
Елімізде нашар жолдар ақысыз болуы мүмкін Сурет авторы: pixabay

Қазақстанда сапасы нашар жол учаскелерінен ақы алмау мәселесі көтерілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Иманашевтің айтуынша, бұл норманы тиісті нормативтік құжаттарға енгізу ұсынылған.

«Егер ақылы жолдардың кейбір учаскелерінде қызмет көрсету сапасы нашар болса, мысалы, қардан тазалау, жол кептелісі немесе жөндеу жұмыстары уақытылы жүргізілмесе, біз сол учаскеден ақы алмаймыз. Бұл тек сол проблемалы учаскеге қатысты болады, толық жолды алып тастамаймыз», – деді Иманашев.

Қазіргі уақытта заңнамалық органдар бұл норманы енгізу бойынша жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар