$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Елімізде көлік жүргізушілеріне арналған жаңа сервис іске қосылды

Редакция
01 сәуір 2025 04:10 2094
Елімізде көлік жүргізушілеріне арналған жаңа сервис іске қосылды Сурет авторы: auto.mail.ru

2025 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстанда автокөлік иелеріне арналған жаңа цифрлық сервис жұмыс істей бастады. Бұл жүйе арқылы кез келген азамат көлік иесіне оның темір тұлпары туралы маңызды мәліметті анонимді түрде жолдай алады.

Мәселен:

  • Көліктің терезесі ашық қалып қойған болса,

  • Жолды бөгеп тұрған жағдайда,

  • Басқа да күтпеген жайттар орын алса,

қолданушы көліктің мемлекеттік нөмірін енгізіп, мәселенің түрін таңдап, хабарлама жібере алады.

«Жүргізушіге SMS немесе push-хабарлама жолданады, ал жіберушінің жеке деректері құпия сақталады», – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

Сервис келесі платформаларда бар:

  • eGov мобильді қосымшасы

  • Мемлекеттік қызметтер порталы (egov.kz)

  • Арнайы чат-бот

Соңғы жаңалықтар