$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Елімізде қандай салықтар алып тасталады?

Редакция
25 шілде 2025 11:24 227
Елімізде қандай салықтар алып тасталады? Сурет авторы: Egemen.kz

Жаңа Салық кодексінде салық жүйесін жеңілдету мақсатында бірқатар салық пен төлем алып тасталады. Бұл туралы салық мәселелері жөніндегі сарапшы Ерлан Құспанов inbusiness.kz порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

Сарапшының айтуынша, бірнеше салық пен алым қысқартылып, жалпы салықтық жүктеме азаяды. Атап айтқанда:

🔹 Бірыңғай жер салығы жеке табыс салығымен қайталанып келгендіктен, жойылады.

🔹 Сыртқы жарнама үшін төлем алып тасталады.

🔹 Кейбір қызмет түріне арналған лицензия алымы жойылады.

🔹 Сонымен қатар 6 түрлі алым және 5 мемлекеттік баж да жойылады.

 

Соңғы жаңалықтар