$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Елімізде ислам банкі өз жұмысын бастады

Редакция
21 қараша 2024 04:00 4303
Елімізде ислам банкі өз жұмысын бастады Сурет авторы: adcb.com

"Al Hilal" Ислам Банкі ребрендингтен өтіп, енді корпоративтік қаржылық қызметтерді ADCB Islamic атауымен ұсына бастады.

ADCB Islamic — бұл ADCB (Abu Dhabi Commercial Bank) тобының Қазақстандағы еншілес банкі. ADCB — Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең ірі банктердің бірі, оның активтері 2024 жылдың маусым айының соңында 167 миллиард АҚШ долларға жетті. Қазақстандағы "Al Hilal" Ислам Банкі 2019 жылы осы банктік топтың құрамына кірген болатын.

Ребрендинг ADCB тобының Қазақстан мен Орталық Азиядағы корпоративтік және инвестициялық банктік қызметтерді кеңейту стратегиясын көрсетеді. ADCB Islamic Шариат талаптарына сай келетін қаржылық қызметтерді корпоративтік және институционалдық клиенттерге ұсынуды жалғастырады. Егер Қазақстанның банк туралы заңнамасына өзгерістер енгізілсе, банк өз қызметтер ауқымын кеңейту мүмкіндіктерін де қарастырады.

Соңғы жаңалықтар