$ 475.38 € 547.73 ₽ 5.93

Елімізде әскери техника қозғалысы күшейеді: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Абдрахманов Мағжан
03 тамыз 2026, 17:01
Елімізде әскери техника қозғалысы күшейеді: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады Сурет авторы: Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Қорғаныс министрлігі тамыз және қыркүйек айларында ел аумағында әскери техника, қару-жарақ пен жеке құрамның қозғалысы күшейетінін хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, бұл «Батыл тойтарыс – 2026» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындық пен оны өткізуге байланысты. Әскери бөлімдер оқу-жаттығу өтетін орындарға теміржол эшелондары және жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары арқылы жеткізіледі. Сондай-ақ майдандық және армиялық авиация да жұмылдырылады.

Оқу-жаттығу еліміздің әр өңіріндегі полигондарда өтеді. Оның барысында Қарулы күштердің қазіргі жағдайда жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындығы, әскер түрлері арасындағы өзара іс-қимыл және күштерді қолдану тәсілдері пысықталады.

Министрлік оқу-жаттығулар құрлықта, әуеде, теңізде және киберкеңістікте біртұтас жедел кеңістікте өтетінін атап өтті.

Қорғаныс министрлігі тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдарын сабыр сақтауға, тек ресми ақпаратқа сүйенуге және расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырды. Ведомство жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамада жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Соңғы жаңалықтар