$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Елімізде АЭС-ке қатысты референдум қашан өтеді?

Редакция
28 мамыр 2024 09:01 3543
Елімізде АЭС-ке қатысты референдум қашан өтеді? Сурет авторы: pixabay.com

Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтып берді.

"Жағдай өзгерген жоқ. Өңірлерге шығып, тұрғындармен және қызығушылық білдірген тараптармен кездесу жүргізіліп жатыр. Бұл жобаны іске асырудың артықшылықтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан да осы жұмыстың нәтижесі бойынша Үкімет тиісті шешім қабылдайтын болады деп ойлаймын", - деді министр.

Сәтқалиев референдум өткізілетін күн әлі белгіленбегенін айтты. 

"Бірқатар өңірде қоғамдық тыңдалым өткіздік, тұрғындар тарапынан айтарлықтай қызығушылық пен қолдау бар екенін байқап отырмыз. Осы жобаны жүзеге асырудың ықтимал қатерлеріне қатысты аргумент айтқан белсенділер де бар. Сұрақтардың бәріне жауап берілді, оған ғылыми қауымдастық жұмылдырылды", - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар