$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Еліміз Ереван мен Баку арасындағы мемлекетаралық қарым-қатынастың жандануын қолдайды – Тоқаев

Редакция
27 наурыз 2025 06:41 3807
Еліміз Ереван мен Баку арасындағы мемлекетаралық қарым-қатынастың жандануын қолдайды – Тоқаев Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен кездесті.

Президент былтыр екі ел басшыларының сапарлары Қазақстан-Армения қатынасына тың серпін бергенін айтты.

«Сіздің Астанаға алғашқы ресми сапарыңыз екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту тұрғысынан маңызды. Біздің армян халқы мен Сіздің мемлекетке деген құрметіміз бөлек», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Армения мен Әзербайжан арасындағы Бейбітшілік келісімін қолдайтынын жеткізіп, бұл аймақ қауіпсіздігі үшін маңызды екенін атап өтті.

Арарат Мирзоян Қазақстан Президентіне алғыс білдіріп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін айтты.

Кездесуде сауда, экономика, көлік, мәдени байланыстар талқыланды. Президент Қазақстанның Арменияға экспортты $350 млн-ға дейін арттыруға дайын екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар