$ 450.91 € 522.69 ₽ 5.33

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Абдрахманов Мағжан
14 қыркүйек 2026, 09:52
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды Сурет авторы: Instagram/@usopen

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды. US Open – 2026 турнирінен кейін жаңартылған WTA рейтингінде ол 9 901 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.

Бұған дейін рейтинг көшін бастап тұрған Арина Соболенко 7 875 ұпаймен екінші орынға түсті. Рыбакина әлемдік рейтингтегі бірінші орнын US Open турнирінің жартылай финалына шыққаннан кейін-ақ қамтамасыз еткен еді.

US Open-дағы жеңіс

Рыбакина кейін US Open турнирінің өзін де жеңіп алды. Финалда ол Соболенкодан үш сетте 6:4, 5:7, 6:2 есебімен басым түсті.

Бұл – қазақстандық теннисшінің US Open-дағы алғашқы және Grand Slam жарыстарындағы үшінші жүлдесі. Рыбакина бұған дейін 2022 жылы Wimbledon, ал 2026 жылы Australian Open турнирінде жеңіске жеткен.

Қазақстан теннисіндегі тарихи жетістік

Елена Рыбакина әлемдік жекелей рейтингті басқарған Қазақстан тарихындағы алғашқы теннисші атанды. Бұған дейін ел атынан өнер көрсеткен бірде-бір әйел немесе ер теннисші әлемдік жекелей рейтингтің бірінші сатысына көтерілмеген.

Соңғы жаңалықтар