$ 481.83 € 556.8 ₽ 5.85

Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Редакция
26 наурыз 2026, 09:34
Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына жолдама алды Сурет авторы: Nur.kz

Қазақстандық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан беделді Miami Open-2026 (WTA 1000) турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, ширек финалдық кездесуде отандасымыз АҚШ өкілі Джессика Пегуламен кездесті. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Рыбакина қарсыласын 6:2, 6:2 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалға өтті.

Турнир барысында Елена Рыбакина келесі нәтижелерді көрсетті:

• 1/8 финал: австралиялық Талия Гибсонды 6:2, 6:3 есебімен жеңді;

• 1/16 финал: отандасы Юлия Путинцевадан басым түсті (6:3, 6:3);

• Бастапқы кезең: украиналық Марта Костюкті қапы қалдырды (6:3, 6:4).

Айта кетейік, Индиан-Уэллстегі сәтті өнерінен кейін Елена Рыбакина ресми түрде әлемдік рейтингте (WTA) екінші орынға көтерілген болатын. Майамидегі WTA 1000 турнирінің жалпы призовой қоры 9 415 725 долларды құрайды. Жеңімпаз атанған спортшы 1 151 380 доллар сыйақы мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Соңғы жаңалықтар