$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Елдос Сметов Олимпиададағы жеңісі үшін сыйға берілген көлігін сатылымға қойды

Дулат Абдраманов
23 қазан 2025, 09:23
Елдос Сметов Олимпиададағы жеңісі үшін сыйға берілген көлігін сатылымға қойды Сурет авторы: Коллаж: Qrnews

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов өзіне 2024 жылы алтын медаль үшін сыйға берілген Mercedes AMG GLE көлігін сатылымға шығарды.

Көліктің бағасы — 45 миллион теңге

Спортшы Instagram парақшасының stories бөлімінде көліктің суретін жариялап, оны «шұғыл сатылымда» екенін жазған. Сондай-ақ болашақ иесіне "жұғысты болу" ниетімен алуына болатынын айтқан.

Белгілі болғандай, бұл көлікті Елдосқа 2024 жылы қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжанның жұбайы, кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов сыйға тартқан.

Соңғы жаңалықтар