$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Экс-министрге түпкілікті сот үкімі шықты

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 1706
Экс-министрге түпкілікті сот үкімі шықты

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Былтыр қыркүйекте Арыстанбек Мұхамедиұлы елордадағы «Дипломат» қонақүйін рейдерлік жолмен алды деген күдікпен қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды. 2019 жылы Арыстанбек Мұхамедиұлына елордадағы «Дипломат» қонақүйінің иесі, кәсіпкер К. жүгінген. Экс-министр оған 2,5 млрд теңге беруге келісіп, оның орнына қонақүйдің жарғылық капиталының 71%-ын енесінің атына жазып беруді ұсынған. Осылайша ол қонақүйді толық иемденіп алмақ болған.

11 желтоқсанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаевтың қаулысымын «Дипломат» қонақүйі мен Ұлттық музейге қатысты тағы бір іс біріктірілген болатын.

Соңғы жаңалықтар