$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Екінші әйел алуды заңдастыру қажет - Депутат (ВИДЕО)

Редакция
04 қараша 2025 17:24 1940
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан екінші әйел алуды заңдастыру мәселесіне қатысты пікір білдірді. Ол бұл тақырыпты қоғамда жасырын талқылаудың орнына ашық деңгейде қарастыру қажет деп санайды.
Екінші әйел алуды заңдастыру қажет  - Депутат (ВИДЕО) Сурет авторы: Qrnews

Депутат Абзал Құспан «Erbol Seilkhan» YouTube арнасына берген сұхбатында қазіргі таңда екінші әйел алу жағдайы қоғамда бейресми түрде кең тарағанын айтты.

Оның айтуынша, заң бойынша екінші әйел алуға болмайды, бірақ іс жүзінде бейресми түрде тоқал алып жатқандар көп екенін және мұны бәрі білсе де ешкім ашық айтпайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, Абзал Құспан көп жағдайда ер адамдардың екінші әйелді әмеңгерлік немесе жесір әйелге қамқор болу мақсатында емес, көбіне жас қыздарға үйленетінін айтып, мұндай жағдайларға қарсы екенін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар