$ 469.52 € 553.75 ₽ 6.15

Екібастұзда дәрігер мен медбикені соққыға жыққандар ұсталды

Абдрахманов Мағжан
16 сәуір 2026, 13:02
Олар 12 жылға дейін сотталуы мүмкін
Екібастұзда дәрігер мен медбикені соққыға жыққандар ұсталды Сурет авторы: видеодан кадр

Екібастұз қаласында дәрігер мен медбикеге шабуыл жасады деген күдікпен үш ер адам ұсталды, деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті. Оқиға 12 сәуір күні таңертең қалалық ауруханада болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам екі мас танысымен бірге травматология бөліміне жүгінген. Дәрігердің ескертуіне олар агрессивті жауап беріп, мекемеден шығудан бас тартқан. Содан кейін күдіктілер дәрігерге қол көтеріп, араша түспек болған медбикені де жарақаттаған.

Зардап шеккен медицина қызметкерлері ауруханаға жатқызылды. Күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалса, үшіншісі полиция күзетімен арнайы палатада жатыр.

Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Ведомство мәліметінше, 7 наурыздан бастап медицина қызметкерлеріне күш қолдану немесе қоқан-лоқы көрсету үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Соңғы жаңалықтар