$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Екі оқушыны жаяу жүргіншілер жолында қағып кетті (ВИДЕО)

Дулат Абдраманов
Екі оқушыны жаяу жүргіншілер жолында қағып кетті (ВИДЕО)

1 желтоқсанда Коянды ауылында Nissan Primera жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде екі оқушы қызды қағып кетті. БАҚ мәліметінше, зардап шеккендер — туған әпкелі-сіңлілі: кішісі 5-сыныпта, үлкені 10-сыныпта оқиды.

Бақылау камерасының жазбасында ақ түсті көлік жылдамдығын төмендетпестен, мектепке бара жатқан екі қызды жаяу жүргіншілер жолының дәл ортасында қағып өткен сәт анық көрінеді.

Ақмола облыстық полиция департаменті екі оқушының да ауруханаға жеткізілгенін растады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар