$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Редакция
06 қараша 2024 07:49 4157
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды Сурет авторы: shutterstock

Ақтөбе мен Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.

2024 жылғы 6 қарашада сағат 16:00-ден 2024 жылғы 7 қараша сағат 04:00-ге дейін Жамбыл облысында күн райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 535-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

2024 жылғы 6 қарашада сағат 15:00-де Ақтөбе облысында күн райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар “Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханға)” автожолының 12-250 шақырым аралығында (Ақтөбе қаласынан Қарауылкеді ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Соңғы жаңалықтар