$ 538.03 € 629.23 ₽ 6.74

Екі адамды өлтірді деп күдікке ілінген іздеудегі азаматты Алматы тұрғыны ұстап алған

Дулат Абдраманов
14 тамыз 2025 17:48 396
Екі адамды өлтірді деп күдікке ілінген іздеудегі азаматты Алматы тұрғыны ұстап алған
Алматы тұрғыны екі адамды өлтіріп, үйін өртеп кетті деп күдікке ілінген азаматты ұстап алған. Тергеу мәліметінше, Иван Занилов көршілес тұрған екі зейнеткерді өлтіріп, олардың үйлерін (марқұмдардың денесімен бірге) өртеп жіберген. Ол бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталған.

Күдікті Панфилов ауылында тұратын жергілікті тұрғындардың бірінің қолына түскен. Әлеуметтік желіге тараған видеода ауыл тұрғыны ұсталған адамды түсіріп, TikTok-та «Не істейін?» деп сұрайды. Кейін күдіктіні ІІМ-ге тапсырғаны белгілі болды.
 

Соңғы жаңалықтар