$ 489.31 € 568.33 ₽ 6.63

Эбола індеті өршіп барады: ондаған адам көз жұмды, жүздеген адам жараланды

Редакция
04 маусым 2026, 15:32
Эбола індеті өршіп барады: ондаған адам көз жұмды, жүздеген адам жараланды Сурет авторы: bakunetwork

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африкада Эбола індетінің қайта өршуіне байланысты алаңдаушылық білдірді. 3 маусымдағы деректерге сәйкес, Конго Демократиялық Республикасында 340-тан астам адамнан вирус анықталып, 60 науқас қайтыс болған. Ал Угандада тоғыз адамнан ауру расталып, бір адам көз жұмған. 

ДДСҰ бағалауынша, індеттің таралуын тоқтату үшін алдағы үш айда шамамен 115 миллион доллар қажет. Бұл Конго Демократиялық Республикасындағы Эболаның 17-ші, ал ауқымы жағынан үшінші ірі өршуі болып отыр. 

Мамандарды ерекше алаңдататын жайт – індеттің Бундибуджио штаммы арқылы таралуы. Бұл вирус түріне қарсы әзірге ресми бекітілген вакцина да, нақты емдеу тәсілі де жоқ. Сарапшылардың айтуынша, аталған штаммды жұқтырғандардың 30–40 пайызы қайтыс болуы мүмкін. 

Елдің шығыс бөлігіндегі ұзаққа созылған қарулы қақтығыстар жағдайды одан әрі ушықтырып отыр. Соғыстың салдарынан медицина қызметкерлері мен гуманитарлық ұйымдардың жұмыс істеуі қиындап, кейбір өңірде індеттің таралуын бақылау мүмкін болмай қалған. 

ДДСҰ халықтың жаппай орын ауыстыруы вирустың көрші мемлекеттерге таралу қаупін күшейтетінін ескертті. Ұйым халықаралық қауымдастықты індеттің кеңеюіне жол бермеу үшін аймаққа қолдауды арттыруға шақырды.

Жарлықасын Шұғыла

Соңғы жаңалықтар