Е.Қошанов грузиялық депутаттарға Президент реформалары туралы айтып берді
Дулат Абдраманов
Мәжіліс делегациясының Тбилисидегі жұмысы Грузия Парламентінен басталды. Ерлан Қошанов әріптесі Шалва Папуашвилимен кездесудеҚазақстан халықтарымыздың ортақ тарихы мен берік достығын айрықша бағалайтынын атап өтті.Мұның бәрі екі ел арасындағы табысты әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың кепілі екеніне назар аударды.
– Осыдан жарты жыл бұрын Грузияның Премьер-министрі Кобахидзе мырза біздің елге ресми сапармен келген болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында елдеріміз көп қырлы қарым-қатынастарды нәтижелі дамытуға бағдар алғаны туралы айтылды. Сауда, энергетика, өнеркәсіп, инвестиция, туризм саласындағы ынтымақтастықтың кең перспективалары талқыланды. Біздің парламенттік дипломатиямыз жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды іске асыруға елеулі үлес қосатынына сенімдімін, – деді Мәжіліс спикері.

Ол сондай-ақ спикер Шалва Папуашвилидің 2024 жылы Астанаға ресми сапармен келгенін, сол сапарда қос ел парламенттері арасындағы ынтымақтастықты жандандыру жолдары қаралғанын еске салды.
Ерлан Қошанов грузиялық әріптесіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық өзгерістер туралы, соның ішінде бір палаталы Парламентке көшу жоспары жайында айтып берді. Бұл реформа парламентаризм институтын күшейтетінін атап өтті. Бастама барлық саяси партияның және жалпы жұртшылықтыңқатысуымен талқыланып жатқанына мән берді.
Мәжілістің заң шығару қызметіне тоқталғанЕрлан Қошанов әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге, «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруға,экономиканы дамытуға бағытталған заңдар туралыегжей-тегжейлі айтты.
Өз кезегінде Шалва Папуашвили грузин және қазақ халықтарын тарихы тереңнен тамыр тартатын ерекше достық қарым-қатынас байланыстырып тұрғанын атап өтті. Ол бүгінгі таңда осы берік байланысты жоғалтып алмай, нығайта түсу үшін бар күш-жігерді жұмсауқажеттігін және бұл баға жетпес мұраны жастарға аманат ету маңызды екенін баса айтты. Грузия Парламентінің төрағасы Мәжіліс спикерінің сапары саяси диалогқа тың серпін беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық, көлік-логистика және басқа да салалардағы нақты мәселелерді шешуде екі ел депутаттары арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар инвестиция, туризм, өндіріс, агроөнеркәсіп және инновацияларды дамыту бағытында өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге заңнамалық тұрғыда қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.Депутаттар алдағы уақытта да заң шығару бағытында тәжірибе алмасуға, достық топтары, салалық комитеттер, партиялық фракциялар және парламенттер аппараттары желісі бойынша байланысты нығайта түсуге уағдаласты.
Спикерлер Парламентаралық одақ және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы сынды көпжақты алаңдарда тығыз іс-әрекет жасау мүмкіндіктерін талқылады. Қазақстан мен Грузияны бейбітшілікпен тұрақтылықты сақтауға, халықаралық құқық пен өзара сенім қағидаттарын құрметтеуге деген талпыныс біріктіретіні айтылды.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Грузия Парламенті арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатта саяси диалогты дамыту, өзара сенім мен түсіністікті нығайту туралы келісімдер, заңнама саласында тәжірибе алмасу жөніндегі жоспарлар қамтылған.
Грузия Президенті Михаил Кавелашвилимен кездесуде Ерлан Қошанов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді. Ол Мемлекет басшысы Грузиямен қарым-қатынасты нығайтуға әрдайым ерекше көңіл бөлетінін, екі елді терең тарихи тамырластық, сан ғасырлық достық дәстүрлері байланыстыратынын айтты.
Мәжіліс спикері грузин халқын Парламентжәне Президент сайлауының сәтті өтуімен құттықтап, Грузия құқықтық, экономикалық тұрғыда дамыған, ашық мемлекет құрып жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ Қазақстанда «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын іске асыру аясында ауқымды саяси өзгерістер жүргізіліп жатқанына назар аударды. Бұл орайда Ерлан Қошанов барлық салаға жасанды интеллект жетістіктерін енгізіп, алдағы үш жылда елді Цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі үлкен мақсатты іске асыру туралы Президенттің бастамаларына жан-жақты тоқталды.
Премьер-министр Ираклий Кобахидземен келіссөз барысында бизнеске жасалып жатқан жағдайларды бірлесіп одан әрі жетілдіру, транзитәлеуетін арттыру, өнеркәсіп, металлургия, машина жасау және агроөнеркәсіп секторындағы өзара іс-әрекет перспективалары талқыланды. Мәжіліс төрағасы өз тарапынан екі ел депутаттары жоғарыдеңгейдегі уағдаластықтарды заңнамалық тұрғыда қолдауды уақтылы қамтамасыз етуге әрқашан дайын екенін айтты.
Сапар аясында депутаттар Грузия Парламентінің музейін аралады.
Соңғы жаңалықтар
-
Республика күніне орай ауқымды жеңілдіктер: Қазақстанда Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды
18 сағат бұрын
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
1 күн бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
1 күн бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
1 күн бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
1 күн бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
1 күн бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
1 күн бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
1 күн бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
1 күн бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
1 күн бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
2 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
2 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
2 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
2 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
2 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
2 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
2 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
2 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
2 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
3 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
3 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
3 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
3 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
3 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
3 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
3 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
3 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
3 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
3 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
3 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
3 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
3 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
4 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
4 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
4 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
4 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
4 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
4 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
4 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
4 күн бұрын