$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Дзюдошы Нұрлыхан Шархан Олимпиаданы жеңіспен бастады

Редакция
01 тамыз 2024 05:48 3651
Дзюдошы Нұрлыхан Шархан Олимпиаданы жеңіспен бастады Сурет авторы: Сали Сабиров

Дзюдошымыз Нұрлыхан Шархан (100 кг) Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде тәжірибелі Тома Никифоровтан (Бельгия) басым түсті.

Негізгі уақыттың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Томаға 3-ескерту (shido) берілді.

Отандасымыз енді 1/8 кезеңде өзбекстандық Музаффарбек Туробовқа қарсы шығады.

Бельгиялық дзюдошы әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Еуропа чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы атанған.

Соңғы жаңалықтар