$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында Қазақстан құрамасы үздік үштікте келеді

Редакция
12 мамыр 2024 06:19 1074
Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында Қазақстан құрамасы үздік үштікте келеді

Қазақстан астанасында дзюдодан өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екі күннің қорытындысы бойынша үшінші орынға жайғасты. 

Оқи отырыңыз: Дзюдодан Астанада өтіп жатқан Grand Slam жарысында Ғалия Тыныбаева алтын иеленді

Қазақстан дзюдо федерациясынан хабарлауынша, қазақстандықтар екі күнде 1 алтын, 3 қола медаль жеңді. 

Турнирдегі алғашқы бестіктің тізімі:

1. Италия (1 алтын, 1 күміс, 2 қола),

2. Хорватия (1 алтын, 1 күміс),

3. Қазақстан (1 алтын, 3 қола),

4. Өзбекстан (1 алтын),

5. Португалия (1алтын).

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан әлемдік дода 12 мамырда мәресіне жетеді. 

Соңғы жаңалықтар