$ 539.49 € 627.7 ₽ 6.75

Дуровты қамауда ұстау мерзімін ұзартты

Редакция
26 тамыз 2024 01:06 1541
Дуровты қамауда ұстау мерзімін ұзартты Сурет авторы: Фото: instagram.com/durov

Францияда ұсталған Telegram платформасының негізін қалаушы Павел Дуровтың қамауда ұстау мерзімін тағы 48 сағатқа ұзартты.

Жауап алу үшін күдіктіні қамауда ұстаудың ең көбі 96 сағатқа дейін созылуы мүмкін, деп атап өтті журналистер. Осы уақыт ішінде Дуровқа айып тағылуы немесе босатылуы керек.

Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын Париж әуежайында Telegram негізін қалаушы Павел Дуров ұсталған болатын. Кәсіпкерге лаңкестік, алаяқтық, ақшаны жылыстату және педофилдік мазмұнды тарату, сондай-ақ есірткі сату сияқты бірнеше ауыр баптар бойынша айыптар тағылуда. 

Егер Дуров барлық баптар бойынша кінәлі деп танылса, ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



Соңғы жаңалықтар