$ 472.03 € 540.29 ₽ 6.11

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хантавирус індетінің аяқталғанын жариялады

Редакция
03 шілде 2026, 10:04
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хантавирус індетінің аяқталғанын жариялады Сурет авторы: Фото: Dado Ruvic / Reuters

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) «MV Hondius» круиздік лайнерінде тіркелген «Андес» хантавирусы індетінің тоқтағанын ресми түрде мәлімдеді.

ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесустың әлеуметтік желідегі мәлімдемесіне сәйкес, кемедегі соңғы жолаушы карантин мерзімін аяқтап, вирусқа тапсырған тест нәтижесі теріс шыққаннан кейін үйіне оралды. 25 мамырдан бері індеттің жаңа жағдайлары тіркелген жоқ.

«ДДСҰ хантавирус індетінің аяқталғанын хабарлайды», - деп атап өтті ұйым басшысы.

Айта кетейік, аталған індет салдарынан жалпы саны 13 адам вирус жұқтырып, оның үшеуі қайтыс болды. Бұл дерт хантавирустың сирек кездесетін «Андес» штаммынан туындаған болатын. Еске сала кетсек, мамыр айының соңында карантиндегі жолаушылардың арасынан, атап айтқанда Испанияда жаңа дерек тіркелген еді.

Бұған дейін хантавирусты емдеуге арналған тәжірибелік дәрі-дәрмектің алғашқы партиясын Франция, Испания және Нидерланды елдеріне жіберу жоспарланғаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар