$ 475.09 € 551.06 ₽ 5.87

Досаев тағы бір қызметінен кетті

Абдрахманов Мағжан
02 сәуір 2026, 09:57
Досаев тағы бір қызметінен кетті Сурет авторы: gov.kz

Бұрынғы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары және Алматы қаласының экс-әкімі Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» қорындағы қызметінен кетті.

Тиісті құжат Қаржылық есептілік депозитарийінің сайтында жарияланған. Құжатқа сәйкес, оның өкілеттігін тоқтату туралы шешім 25 наурызда қабылданған. Ерболат Досаев осыған дейін «Самұрық-Қазына» қорының Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде қызмет атқарып келген болатын.

Қазіргі уақытта Досаевтың қызметтен кетуінің себептері туралы ресми түсініктеме берілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар