$ 476.07 € 541.86 ₽ 6.08

Доллар күрт қымбаттады

Абдрахманов Мағжан
24 шілде 2026, 16:54
Доллар күрт қымбаттады Сурет авторы: Pixabay

Қазақстан қор биржасындағы 24 шілдедегі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 476,07 теңгені құрады. Бір тәулікте доллар 9,85 теңгеге қымбаттады.

Айырбастау орындарында да шетел валюталарының бағамы көтерілді. Қазақстан бойынша долларды орта есеппен 473–475 теңгеден сатып алып, 476–477 теңгеден сатып жатыр.

Еуроны сатып алу бағамы 540–541 теңге, сату бағамы 543–546 теңге аралығында қалыптасты. Ресей рублін айырбастау орындары 5,72–5,75 теңгеден сатып алып, 5,79–5,82 теңгеден сатып жатыр.

Бұл ретте әлемдік мұнай нарығында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі мерзімді келісімшарттарының бағасы барреліне 97,6 доллар шамасында болды.

Осылайша, теңге бір күн ішінде долларға шаққанда айтарлықтай әлсіреді. Доллардың алдыңғы сауда күніндегі бағамы шамамен 466,22 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар