Депутаттардың сынынан кейін "СК-Фармация" басшысы ауысты
Сурет авторы: time.kz
«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып Нұрлыбек Асылбеков тағайындалды. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Ол бұл қызметке Еркен Жақатайдың орнына келді. Жақатай компанияны 2024 жылдың шілдесінен бері басқарып келді.
Нұрлыбек Асылбеков 1966 жылдың 1 қаңтарында туған. Бұған дейін ол Астана қаласының тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы, Фармация комитеті төрағасының орынбасары, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары секілді лауазымдарды атқарған. Соңғы қызметі – Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Компаниядағы кадрлық өзгеріс депутаттардың сынынан кейін орын алды. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жақында Бас прокуратураға төрт арыз дайындап жатқанын мәлімдеді. Оның бірі Жоғары аудиторлық палатаның «СК-Фармация» мен ірі фармкомпанияларға жүргізген тексеріс нәтижесі бойынша әзірленген. Тексеріс кезінде кейбір дәрілердің бағасы 600%-ға дейін негізсіз көтерілгені, жалғыз жеткізушілерден күмәнді сатып алулар және дәрілерді нарыққа шығарудың тым кешіктірілуі анықталған. Жалпы қаржылық бұзушылықтар көлемі – 3,7 млрд теңге, ал бюджеттің ықтимал шығыны – 22 млрд теңгеге жуық.
Осыдан кейін «СК-Фармация» компаниясы Жоғары аудиторлық палатаның аудиті негізінде бірқатар жеткізушінің іс-әрекетіне және 2023 жылы қабылданған кейбір нормативтік құқықтық актілерге құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураға өздері жүгінгенін хабарлады. Компания өз жұмысындағы кемшіліктерді анықтап, түзетуге ашық екенін мәлімдеді.
Бұған дейін мәжіліс депутаты Татьяна Савельева да компанияны сынға алған болатын. Оның айтуынша, «СК-Фармация» дәрілерді сатқанда 95% жағдайда ең жоғарғы үстеме бағаны (7%) қолданған. Бұл заңға қайшы, себебі бірыңғай дистрибьютор үшін үстеме баға регрессивті шкала бойынша сараланып белгіленуі тиіс. Депутаттың мәліметінше, соңғы үш жылда компания 78 млрд теңге табыс тапқан, ал шығыны 36 млрд теңге болған.
Айта кетейік, «СК-Фармация» компаниясы 2009 жылы Үкімет қаулысымен құрылған. Ол – тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және МӘМС аясында медициналық ұйымдар үшін дәрі-дәрмек сатып алу және жеткізу жөніндегі бірыңғай оператор.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын