Депутаттар Қазақстан мен Ресей аграрилеріне үшінші елдердің нарықтарына бірлесіп шығуды ұсынды
Сурет авторы: У.Сариев
Мәжіліс делегациясы Мәскеуде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Мемлекеттік Думасы арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі палатааралық парламенттік комиссияның XII отырысына қатысты.
Мәжілістің вице-спикері Альберт Рау мен Мемлекеттік Дума төрағасының орынбасары Александр Жуковтың төрағалығымен өткен Палатааралық комиссияның отырысы жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындыларын талқылаудан басталды.
– Ресей – біздің сенімді одақтасымыз, стратегиялық әріптесіміз және тату көршіміз. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жуырда Ресейге жасаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы байланыс жоғары деңгейдегі өзара сенім мен құрметке негізделгенін көрсетті. Осы жағдайда үкіметтер, аймақтар және біз – депутаттар мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыруымыз қажет. Соның ішінде бұл келісімдерге уақтылы заңнамалық қолдау көрсету маңызды, – деді Альберт Рау.
Мәжіліс вице-спикері парламенттер арасындағы өзара іс-әрекеттің Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтық қатынастардың маңызды бағыттарының бірі әрі ажырамас бөлігі екенін ерекше атап өтті. Депутаттар арасындағы кездесулердің жүйелі сипаты мен жоғары деңгейдегі диалог екі ел арасындағы ең өзекті мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.
Альберт Рау екіжақты тауар айналымының жыл сайын тұрақты түрде өсуі оны жақын арада 30 миллиард долларға жеткізу мақсатын толық іске асыруға мүмкіндік беретініне назар аударды. Сол үшін екі ел үкіметтері арасында 2026-2030 жылдарға арналған Кешенді экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы әзірленген. Өз кезегінде депутаттар жоспарланған барлық іс-шараны уақтылы әрі толыққанды орындалуын қадағалауға тиіс.
Мәжіліс вице-спикері атап өткендей, Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперация аясында өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында жаңа өндірістік тізбектер мен жұмыс орындарын құратын кең ауқымды бірлескен жобалар пакеті қалыптасқан. Барлығы 65 мыңға жуық жұмыс орны ашылатын, 50 млрд доллардан асатын 170-тен астам жоба іске асырылуда. Бұл – екі ел арасындағы ұзақ мерзімді, өзара тиімді серіктестіктің нақты көрсеткіші.
Қазақстан мен Ресей экономикасының әлеуеті өзара ынтымақтастықты арттыратын резервтерге ие, ол жаңа бастамалар үшін үнемі өзара іс-әрекеттің жаңа бағыттарын іздеуді қажет етеді.
Отырыс барысында депутаттар логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады.
Бұл орайда депутат Болатбек Нажметдинұлы көлік-логистика саласындағы бірлескен жұмыс перспективаларына, соның ішінде «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту жөніндегі жол картасын іске асыруға ерекше тоқталды.
– Ресей – Қазақстан – Түрікменстан – Иран – Бандар-Аббас порттары мен Парсы шығанағы арасында толыққанды құрлық байланысын іске қосудың біз үшін стратегиялық маңызы бар. Бейнеуден Түрікменстанға дейінгі бағыт қазір жұмыс істеп тұр. Ал біз Ресейдің осы теміржол дәлізіне қосылуын күтеміз. Бұл жоба Таяу Шығысқа, Үндістанға және Африкаға дейінгі логистикалық жолды қысқартуға жол ашып, Еуразияның негізгі құрлық жолына айналуы мүмкін, – деді депутат баяндамасында.
Ресей тарапынан жаңа стандарттар мен техникалық талаптарды енгізу мәселесін айтқан Мәжіліс депутаты жаңа нормалардың ЕАЭО аясындағы өзара сауда процесіне қосымша кедергілер туғызбаудың маңызын атап өтті. Қазақстан парламентшілерінің ұстанымы – Еуразия кеңістігінде еркін өнім айналысын сақтау үшін барлық тарапқа тиімді барынша қолайлы жағдай жасау.
Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев астықты терең өңдеу бойынша бірлескен жобалар құру және ауыл шаруашылығы техникаларын өндіру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесін көтерді. Ол әсіресе, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау саласындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың маңыздылығына ерекше назар аударып, бұл үшінші елдерге және кері бағытта ауыл шаруашылығы жануарлары, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерінің транзитін кеңейтуге мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар депутат Қазақстаннан Ресейге ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға қойылған уақытша шектеулерді алып тастау мәселесін қарастыруды ұсынды.
Депутат Асхат Рақымжанов өз сөзінде миграциялық саясат мәселелері бойынша 1 жылда Ресей аумағында 90 күнтізбелік уақыттан артық жүруге болмайды деген талапты кей санаттағы
адамдар үшін жеңілдету туралы ұсыныс білдірді. Бұл санатқа студенттер, медициналық мекемелердің пациенттері, автокөлік тасымалдаушылар, жолаушылар пойыздарының жолсеріктері және елде қызметтік, өндірістік немесе басқа да қажеттілікпен заңды түрде жүрген адамдар жатады.
Тараптар Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру мәселелерін, атом энергетикасын дамыту саласындағы ынтымақтастықты және заңнаманы жетілдіруге қатысты шешімдер іздеуді талқылады. Жасанды интеллектіні дамытуға арналған реттеу шараларына, ЖИ қолданудағы этикалық тәсілдерге, киберқауіпсіздікке және азаматтарды алаяқтық әрекеттерден қорғауға ерекше назар аударылды.
Отырыста сондай-ақ ресейлік жоғары оқу орындары филиалдарының қызметін реттеу және туризмді дамыту мәселелері қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша Парламентаралық кеңестің тең төрағалары Альберт Рау мен Александр Жуков талқылау барысында қол жеткізілген келісімдер нақты нәтижелерге жол ашып, Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастардың барлық саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.
Соңғы жаңалықтар
-
Республика күніне орай ауқымды жеңілдіктер: Қазақстанда Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды
17 сағат бұрын
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
1 күн бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
1 күн бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
1 күн бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
1 күн бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
1 күн бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
1 күн бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
1 күн бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
1 күн бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
1 күн бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
2 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
2 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
2 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
2 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
2 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
2 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
2 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
3 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
3 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
3 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
3 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
3 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
3 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
3 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
3 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
3 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
3 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
3 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
4 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
4 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
4 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
4 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
4 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
4 күн бұрын