$ 482.53 € 555.44 ₽ 5.92

Депутат Базарбек Ішкі істер министрлігін бай-бағландарды қорғаштайтындардан тазартуды ұсынды

Абдрахманов Мағжан
27 наурыз 2026, 11:19
Депутат Базарбек Ішкі істер министрлігін бай-бағландарды қорғаштайтындардан тазартуды ұсынды Сурет авторы: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек ішкі істер органдарында «мажорларды» қорғайтын қызметкерлерге қатысты ауқымды тексеріс жүргізуді ұсынды.

Оның айтуынша, тек полиция департаменті басшысын қызметтен босату мәселені толық шешпейді. Депутат Алматыдағы жолдарда қымбат көлік мініп, ереже бұзатын жүргізушілердің жауапкершілікке тартылмайтынын атап өтті.

«Мен өзім Алматыда Әл-Фараби даңғылында тұрамын және күн сайын осы спорткарлар мен элиталық көліктердің ұшып жүретінін көремін. Оларға айппұл салынғанын, біреудің жұмыстан қуылғанын не жауапқа тартылғанын көрмейміз», – деді депутат.

Базарбектің пікірінше, мұндай жүргізушілердің арасында жоғары лауазымды тұлғалар мен ірі кәсіпкерлердің балалары болуы мүмкін, ал оларды құқық қорғау органдарының кейбір қызметкерлері қорғаштайды.

Депутат сондай-ақ мұндай әрекеттерге жол берген полиция қызметкерлерін қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет екенін айтты. Ол бұл мәселені Мемлекет басшысы деңгейінде көтеруге дайын екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар