Депутат балалар лагерьлерінің сапасы мен қауіпсіздігін сынға алды
Сурет авторы: Мәжілістің баспасөз қызметі/ Ж.Жұмабеков
Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Қазақстандағы балалар жазғы лагерьлеріндегі қауіпсіздік пен қызмет сапасына қатысты мәселе көтерді. Ол Аида Балаеваға жолдаған депутаттық сауалында саладағы жүйелі проблемаларды атап өтті.
Депутаттың айтуынша, жыл сайын мыңдаған бала жазғы лагерьлерде демалады. Сондықтан мұндай орындарда қауіпсіздік толық қамтамасыз етіліп, балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасалуы тиіс. Алайда соңғы жылдары бірқатар лагерьде талаптардың сақталмауына қатысты даулы жағдайлар тіркелген.
Мәселен, Алматыдағы «Арман дала» лагерінде балалар сауна мен мейрамхана жұмыс істеп тұрған аумақта орналасып, еденде ұйықтауға мәжбүр болғаны, ал ұлдар мен қыздар бір бөлмеде орналастырылғаны айтылды. Маңғыстау облысындағы «Айналайын» лагерінде орын жетіспеушілігі салдарынан балалар екі адамнан бір төсекте немесе еденде жатқан. Түркістан облысындағы «Арман» лагерінен 400 бала ата-аналардың шағымынан кейін мерзімінен бұрын қайтарылған. Ал Шымкенттегі «Үш бұлақ» лагерінде белгіленген сыйымдылық нормасы асыра орындалған.
Қырықбаев бұл фактілер балалар демалысын ұйымдастыру саласында жүйелі проблемалардың бар екенін көрсететінін атап өтті. Оның сөзінше, AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында бұл бағыт негізгі басымдықтардың бірі ретінде белгіленген. Осыған байланысты депутаттар балалар лагерьлерін лицензиялау бойынша түзетулерді қолдап, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап лицензиялау енгізілген.
Депутат Үкіметтен лицензия алған және қызмет көрсетуге дайын білім беру-сауықтыру ұйымдары туралы нақты ақпарат беруді сұрады. Сонымен қатар мектеп жанындағы лагерьлерді есептемегенде, өңірлердің балалар демалысы орындарымен қамтылуына талдау жүргізуді талап етті.
Сауалда балалардың қауіпсіздігін арттыру үшін бірқатар ұсыныс айтылған. Атап айтқанда, лицензиялауға жатпайтын лагерьлерге тәуелсіз мониторинг енгізу, бақылаушы органдар мен лагерь иелерінің жеке жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ бюджет қаражатының жұмсалуын ашық ету қажеттігі көрсетілген.
Депутаттың пікірінше, балалар лагері тек демалыс орны емес, олардың тұлғалық дамуына ықпал ететін маңызды орта. Сондықтан бұл салада сапа мен қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы тиіс.
Соңғы жаңалықтар
-
Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды
8 минут бұрын
-
Несиеге алынған iPhone-нан бас тарту: Жастар арасындағы жаңа мәдениет
27 минут бұрын
-
Қазақстандық оқушылар Грекиядағы халықаралық робототехника чемпионатында екінші орын иеленді
1 сағат бұрын
-
Депутат балалар лагерьлерінің сапасы мен қауіпсіздігін сынға алды
1 сағат бұрын
-
eGov, e-Otinish және Aitu сервистері интернетсіз қолжетімді болады
2 сағат бұрын
-
Таиландқа визасыз бару мерзімі қысқармақ: Демалыс жоспарлағандар нені білуі тиіс
3 сағат бұрын
-
Жалақы өссе де, халықтың әл-ауқаты неге төмен
3 сағат бұрын
-
Қазақстандықтарға нөмірлері мен смартфондарын бөтен адамдарға беруге тыйым салынуы мүмкін
3 сағат бұрын
-
Шұғыл қызметтерге қазақстандықтардың орналасқан жерін анықтау құқығы берілмек
4 сағат бұрын
-
Оқушылар мен студенттерге жазда табысы жоғары жұмыстардан сақ болу ескертілді
4 сағат бұрын
-
Жаңа пандемия ма: Хантавирус 5 елге тарап үлгерді
5 сағат бұрын
-
Таразда полициядан қашқан 15 жастағы жасөспірім жол апатына түсіп, бір адам қаза тапты
5 сағат бұрын
-
Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевтің ісі құпияланды
6 сағат бұрын
-
Елімізде үй саудасы қайта жанданды: Қай өңірлерде сұраныс артты
6 сағат бұрын
-
Тоқаев мектептерге жасанды интеллект енгізу туралы жарлыққа қол қойды
22 сағат бұрын
-
Әскерилерге өтемақы қалай берілетіні белгілі болды
22 сағат бұрын
-
«Түнде балаларды тістейді»: Газадағы босқындар лагерінде егеуқұйрықтар қаптап кетті
23 сағат бұрын
-
Талғарда әкесінің зиратына барған жігітті пышақтап өлтірді
1 күн бұрын
-
Өскемендегі «Қазмырыш» зауытындағы жарылыстан тағы бір адам қайтыс болды
1 күн бұрын
-
Астанада LRT осы апта соңында іске қосылады
1 күн бұрын
-
Түрмеде отырып басқарған: Шымкент колледждерінде 1,3 млрд теңге жымқырылған
1 күн бұрын
-
Қазақстанда жүргізушісіз таксилердің жұмыс істеуіне не кедергі?
1 күн бұрын
-
Қазақстанда енді жол апатына ұшыраған көлік иелеріне айыппұл салынуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Көкшетауда әйелді қағып өлтірген жүргізушінің куәлігі болмаған
1 күн бұрын
-
Қазақстандық теннисші Италия ашық чемпионатында әлемнің экс-бірінші ракеткасын жеңді
1 күн бұрын
-
Тоқаев: Астана Иранның ядролық мәселесін шешуге көмектесуге дайын
1 күн бұрын
-
Анталияда велосипедпен келе жатқан қазақстандық жігіт мерт болды
2 күн бұрын
-
Атырау облысында бір отбасын қырып салған күдіктіге қатысты тергеу аяқталды
3 күн бұрын
-
Иран футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысу үшін ФИФА-ға шарт қойды
3 күн бұрын
-
Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшады
3 күн бұрын
-
Негізгі ҰБТ басталды: Биыл талапкерлер қай пәндерді жиі таңдады?
3 күн бұрын
-
АҚШ билігі Қазақстан аспанында байқалған белгісіз нысан туралы құжаттардың құпиясын ашты
3 күн бұрын
-
ШҚО-да KAZ Minerals шахтасында жұмысшы қаза тапты
3 күн бұрын
-
«МӘҢГІЛІК АЛАУ» БАСЫНДА ТАҒЗЫМ: ТҮРКІСТАНДА ЖЕҢІС КҮНІ ЕРЕКШЕ АТАЛДЫ
3 күн бұрын
-
Жеңіс күні қарсаңында Бауыржан Момышұлының рухына тағзым жасалды
4 күн бұрын
-
Астанада Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым жасалды
4 күн бұрын
-
Абай өңірінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне зор құрмет көрсетілді
4 күн бұрын
-
Қазақстанда хантавирус таралу қаупі бар ма?
4 күн бұрын
-
Қазақ жігіті Британияда мэр болып сайланды
4 күн бұрын
-
Forbes Kazakhstan ең бай кәсіпкерлер тізімін жаңартты: жаңа миллиардерлер пайда болды
5 күн бұрын
-
Қозғалтқыш істен шыққан: Air Astana ұшағы Ақтөбеге шұғыл қонды
5 күн бұрын
-
Қазақстандық оқушылар Балқан олимпиадасында 6 медаль иеленді
5 күн бұрын
-
Роман Скляр ERG басшысы болуы мүмкін – Financial Times
5 күн бұрын
-
Вице-президент өкілеттігі: Президент сайлауынан кейін қызметі тоқтамайды
5 күн бұрын
-
Сайлау бюджеті: Құрылтай науқанына қанша миллиард жұмсалмақ?
5 күн бұрын
-
Өскемен гарнизонындағы маңызды жиын: Әскери прокурорлар әлімжеттікке қарсы іс-қимыл шараларын таныстырды
5 күн бұрын
-
Мектептегі медициналық тексерулер енді бұрынғыдай болмайды: 1 қыркүйектен бастап не өзгереді?
5 күн бұрын
-
Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды
5 күн бұрын
-
Қытайда екі бірдей бұрынғы Қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді
5 күн бұрын
-
Қазгидромет еліміздің барлық өңірінде күн бұзылатынын ескертті
5 күн бұрын