$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағын тіс емдеуге қолдануға уақытша тыйым салмақ

Редакция
24 шілде 2024 08:48 3974
Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағын тіс емдеуге қолдануға уақытша тыйым салмақ Сурет авторы: CC0 / Rubén Gonzále

Денсаулық сақтау министрлігі «Ашық НҚА» сайтында емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізетін бұйрық жобасын жариялады.

Атап айтқанда, департамент 2024 жылдың 10 тамызынан бастап 2025 жылдың 1 ақпанына дейін стоматологиялық қызметке (тісті протездеу, имплантациялау) зейнетақы төлемдерінен төлеуге мүмкіндік беретін норманы уақытша тоқтатпақшы.

Бұдан бөлек, енді бір реттік зейнетақы төлемін баланың еміне пайдалануға болады.

Бұйрықты талқылау 7 тамызға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар