$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Демалыс күндері Қазақстанда +42°С-қа дейін ыстық болады

Редакция
07 маусым 2024 15:08 1961
Демалыс күндері Қазақстанда +42°С-қа дейін ыстық болады

Еліміздің басым бөлігінде алдағы екі күнде күн жылынып, ауа температурасы +35+42°С-қа дейін көтеріледі. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Маусымның 8-10 күндері елде Мәскеу аумағынан келетін циклонның ықпалымен күн райы құбылмалы болады.

Тағы бір аймақтарда өткінші жаңбыр жауады. Елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінің кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады, күн күркіреп, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, - делінген хабарламада.

Бұған қарамастан Жерорта теңізі аумағынан жылы ауа келіп, көптеген өңірлерде ауа температурасы +27+35°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде +35+42°С-қа дейін ысиды деп болжануда.

Соңғы жаңалықтар