$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

"Декларацияны кеш тапсырдыңыз": ІІМ жаңа алаяқтық түрі туралы ескертті

Абдрахманов Мағжан
24 қазан 2025 12:41 66
"Декларацияны кеш тапсырдыңыз": ІІМ жаңа алаяқтық түрі туралы ескертті Сурет авторы: gov.kz

Қазақстанда азаматтарды алдаудың жаңа схемасы пайда болды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Алаяқтар өздерін мемлекеттік органның қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға телефон шалып, «салық декларациясын кеш тапсырдыңыз» деп айтады. Олар үш күн ішінде мәселені «шешпесеңіз, банк шоттарыңыз бұғатталады» деп қорқытады.

«Мәселені реттеу үшін жеке басыңызды растау қажет» деген сылтаумен олар азаматтан SMS арқылы келген кодты айтуын сұрайды. Бірақ сол кодты айтқан жағдайда, алаяқтар адамның банк шоттарына толық қол жеткізеді.

"Естеріңізде болсын, мемлекеттік орган қызметкерлері мұндай мәселелер бойынша азаматтарға телефон шалмайды және ешқашан SMS-код немесе жеке деректер сұрамайды", – деп ескертеді полиция.

Құқық қорғау органдары азаматтарға жеке ақпаратты, SMS-кодты, банк картасының нөмірі мен құпия сөздерін ешкімге бермеуге кеңес береді.

Осындай күмәнді қоңырау түскен жағдайда, тұтқаны дереу қойып, 102 нөміріне хабарласу қажет.

Соңғы жаңалықтар