$ 481.54 € 553.24 ₽ 5.93

ДДСҰ үкімі: Қазақстанның дәрі-дәрмек жүйесі "ең сенімді" деп танылды

Редакция
30 наурыз 2026, 11:47
ДДСҰ үкімі: Қазақстанның дәрі-дәрмек жүйесі "ең сенімді" деп танылды Сурет авторы: pngtree.com

Отандық фармацевтика саласы тарихи белесті бағындырды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Қазақстанның дәрі-дәрмекті бақылау жүйесін халықаралық деңгейде мойындады.

Еліміз ұлттық реттеу жүйесінің кемелдік деңгейі бойынша ТМД елдері арасында бірінші, ал Еуропалық аймақта төртінші орынға табан тіреді. Бұл - Қазақстандағы дәрілердің сапасы мен қауіпсіздігі әлемдік стандарттарға толық сай деген сөз.

ДДСҰ-ның үшінші деңгейдегі бағалауы - бұл сапаның жоғары белгісі. Енді қазақстандық жүйе дәрілерді тіркеуден бастап, өндірісті инспекциялауға дейінгі барлық кезеңде халықаралық талаптарды мүлтіксіз орындайды.

"Бұл жетістік халықаралық инвесторлар мен ірі өндірушілердің Қазақстанға деген сенімін нығайтады", - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі.

Бұл жаңалық Алматыда өткен Үнді-қазақстандық фармацевтикалық бизнес-форумында жарияланды. Жиынға Үндістанның 60-тан астам алпауыт компаниясы қатысып, отандық нарыққа қызығушылық танытты.

Жоғары баға мен мақтаудың арасында түсініксіз жағдай да орын алды. Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға жақсы таныс «Стрептоцид» препаратын сатылымнан алып тастау туралы шешім қабылдады. Алайда, ескі дәрінің нарықтан не себепті кететіні туралы ресми түсініктеме әлі берілген жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар