$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

ДДСҰ басшысы жаңа пандемияға дайын болуға шақырды

Редакция
08 сәуір 2025 08:14 1659
ДДСҰ басшысы жаңа пандемияға дайын болуға шақырды Сурет авторы: un.org

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус жаңа пандемияның пайда болуын «теориялық қауіп емес, эпидемиологиялық ақиқат» деп атады. Бұл туралы ол пандемияның алдын алу жөніндегі келісім жобасын талқылауға арналған Үкіметаралық келіссөз органының 13-сессиясының ашылуында айтты.

«Бұл – теория емес, бұл – міндетті түрде болатын жағдай. 20 жылдан кейін бе, әлде ертең бе – бәрібір, бұл болады. Біз бұған дайын болуымыз керек», – деді ол.

Оның айтуынша, COVID-19 індеті әлем бойынша 7 млн адамның өмірін қиды, ал ДДСҰ-ның нақты есебі бойынша бұл көрсеткіш 20 миллионға дейін жетуі мүмкін.

Айта кетейік, бес жыл бұрын, 2020 жылғы 11 наурызда ДДСҰ коронавирус пандемиясын ресми түрде жариялаған болатын. Ал 2021 жылдың желтоқсанында ұйым болашақта жаһандық эпидемияларға жедел әрекет етуге бағытталған халықаралық келісім жобасын талқылау басталатынын мәлімдеген.

Соңғы жаңалықтар