$ 474.9 € 555.3 ₽ 6.24

Дарын Мұбаров бір жыл ішінде екінші рет жауапқа тартылды

Абдрахманов Мағжан
14 сәуір 2026, 12:36
Дарын Мұбаров бір жыл ішінде екінші рет жауапқа тартылды Сурет авторы: видеодан кадр/ Daryn Mubarov Media

Астанада діни материалдарды заңсыз таратқаны үшін Дарын Мұбаров әкімшілік жауаптылыққа тартылды, деп хабарлады қалалық Дін істері жөніндегі басқарма.

Бұл – оның бір жыл ішінде екінші рет құқық бұзуы.

Ведомство мәліметінше, бұған дейін ол 2025 жылғы қазанда осындай әрекеті үшін жауапқа тартылған. Соған қарамастан, азамат заң талаптарын қайта бұзған.

Осы дерек бойынша қызметкерлер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабының 8-бөлігіне сәйкес хаттама жасаған. Сот шешімімен Дарын Мұбаров кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысымен ол 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Қазіргі есеп бойынша бұл 865 мың теңге болады.

Мамандар діни мазмұндағы материалдарды тарату кезінде заң талаптарын сақтау қажеттігін ескертті.

Соңғы жаңалықтар