$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Дәрігерлерге қол көтергендерге жаза күшейеді

Редакция
27 қаңтар 2025 07:29 2161
Дәрігерлерге қол көтергендерге жаза күшейеді Сурет авторы: ашық дереккөзден

Елімізде дәрігерлерге қарсы күш қолданғандар үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату нормасы Қылмыстық кодекске 2025 жылы енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

"Парламент депутаттарының қолдауымен осы норманы Қылмыстық кодекске биыл енгіземіз деп ойлаймын. Бұл медициналық қызметкерлерге қарсы денсаулыққа зиян келтіретін әрекеттер жасаған азаматтарға қатысты жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған", – деді министр мәжіліс кулуарында.

Министрдің айтуынша, бұл қылмыс үшін айыппұл салудан бастап бас бостандығынан айыруға дейінгі жазалар қарастырылмақ.

Қазіргі таңда норма Бас прокуратураның қолдауынан өтіп, ішкі мемлекеттік келісу процедурасы жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар