"Дәрігерлер 20 мың теңге сұраған": Жамбыл облысында перзентханада нәресте шетінеп кетті
Сурет авторы: pixabay
Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған нәресте шетінеп, анасы жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Туыстарының айтуынша, акушерлер кесарь тілігін жасау үшін 20 мың теңге сұраған. Бұл туралы «Астана» арнасы хабарлады.
Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны Гүлім Оразбаева айы-күні жетіп, аудандық дәрігерлердің жолдамасымен облыстық перинаталдық орталыққа келген. Тексеру кезінде іштегі баланың жағдайы жақсы деп танылған. Алайда туыстарының сөзінше, дәрігерлер әйелдің медициналық картасын қарамай, оны жеті күн бойы босандырмай ұстап отырған.
Ақыры әйел өздігінен босанып, 4 келі 400 грамм салмақтағы сәби дүниеге келген, бірақ бір сағаттан кейін нәресте көз жұмған. Ал анасы қатты қан кетіп, жансақтау бөліміне түскен.
Марқұмның туыстары дәрігерлерге сенімсіздік білдіріп отыр.
«20 мың теңге сұрағанда, әйелім “аман босансам, кейін берем” деген. Егер алдын ала бергенде, олар сол күні кесарь тілігін жасап, баланы аман алып қалар еді», – дейді жолдасы Ермұхан Әміреев.
«Сіңілім өздігінен босана алмайды, оны кесарьвомен осы жаққа жіберіп тұр. Дәрігер менің сіңілімнің медициналық картасын қараған кезде, оның бетінде кесарьво дегенді оқыған кезде оны дүйсенбі күні, болмаса сейсенбі күні жасап қою керек еді. Мен жанында болдым, "кесарьво жасашы, кесіңдерші" деп жылаған кезде де бізге "өзі туады, өзі туады" деп аяғына дейін сіңілімнің өмірін қатерге тікті. Ақырында бала өлді», – деді әпкесі Айгерім Маратқызы.
Қазір бұл жағдайға байланысты қызметтік тексеріс басталды.
«Оқиғаны зерттеу үшін жұмыс тобы құрылды. Тексеруге тәуелсіз сарапшылар қатысады. Заң бойынша босану кезінде ешқандай ақша талап етілмеуі тиіс. Барлық қызмет тегін көрсетіледі», – деді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерік Мұсабаев.
Егер дәрігерлердің ақша талап еткені дәлелденсе, бұл іс қылмыстық тергеуге ұласуы мүмкін.
Туыстары кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етіп отыр.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда 885 отбасы жаңа пәтер кілтін алды: жыл соңына дейін 11 мыңнан астам азамат баспанамен қамтылады
5 сағат бұрын
-
Түркістан облысында екі жаңа мәдениет үйі ашылды
1 күн бұрын
-
Астана күніне орай елордада «Таза сана – таза қала» экологиялық викторинасы ұйымдастырылды
5 күн бұрын
-
Ақтөбеде Қорғаныс министрлігінің тұңғыш Дзюдо орталығы ашылды
5 күн бұрын
-
Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін елде билік үшін күрес күшейді
5 күн бұрын
-
Түркістанда «Күй құдіреті» дүбірлі додасы басталды
6 күн бұрын
-
Қазақстанда 1 млн адамның табысы күнкөріс минимумына жетпейді
1 апта бұрын
-
Алматыда Баум тоғайында үстіне ағаш құлаған қыз бір аптадан бері комада жатыр
1 апта бұрын
-
Алматыдағы ірі құрылыс: Метроның жаңа желісі үшін жер учаскелері қалай алынады және өтемақы қалай төленеді
1 апта бұрын
-
Қазақстанда жаңа мүмкіндік: Корея университеттеріне түсу оңайырақ болады
1 апта бұрын
-
Алматыдағы ЛРТ жобасы: Пойыздардың жылдамдығы қандай болады?
1 апта бұрын
-
Иранның рухани көсемі Әли Хаменеидің жерлеу рәсімі қашан өтеді және оған кімдер барады?
1 апта бұрын
-
Прокурор блогер Әділетхан Молдаханға тағылған айыпты ауырлатты
1 апта бұрын
-
Қазақстан Ресей азаматтарына жанармай құюға рұқсат берді, бірақ бір шарт бар
1 апта бұрын
-
Қазақстандағы интернет кеңістігіндегі ең қауіпті желілер анықталды
1 апта бұрын
-
Семей полигоны: радиацияның әр адамға әсері жаңа әдіспен анықталмақ
1 апта бұрын
-
Доллар бір аптада 10 теңгеге арзандады: бұған не себеп?
1 апта бұрын
-
«Еуропаға енді бармаспын»: ЕО-ға келушілерді есепке алудың жаңа жүйесі хаос тудыруда
1 апта бұрын
-
Шымкентте блогер кәсіпкерлер мен шенеуніктерден ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды
1 апта бұрын
-
Франциядағы төтенше жағдай: 3 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді
1 апта бұрын
-
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хантавирус індетінің аяқталғанын жариялады
1 апта бұрын
-
Журналистикадағы тұлғалар - шеберлік мектебі
1 апта бұрын
-
Үш облыстың тұрғындарына сел мен көшкін қаупі туралы ескерту жасалды
1 апта бұрын
-
Астанада Қазақ ұлттық спорт университетінің салтанатты ашылуы өтті
1 апта бұрын
-
Қамшыбек Ташиевке сот үкімі шықты
1 апта бұрын
-
Түркістанда қызметтік міндетін атқару кезінде полиция капитаны қаза тапты
1 апта бұрын
-
Қырғызстан Қазақстаннан бензин жеткізуді сұрады
1 апта бұрын
-
Қазақстан экономикасы мұнайға тәуелді емес: халықаралық сарапшылар инвестиция көлемі мен өнеркәсіптің өскенін атап өтті
1 апта бұрын
-
Ғалымдар өмірді 45%-ға ұзартудың құпиясын тапты
1 апта бұрын
-
Астанада LRT желісінде электр кабелі өртенді
1 апта бұрын
-
Астанада «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары анықталды
1 апта бұрын
-
Алматыда электрмопед мінген курьер жедел жәрдем көлігіне соқтығысып мерт болды
1 апта бұрын
-
Гемоглобин қалыпты болса да, неліктен үнемі шаршап жүреміз
1 апта бұрын
-
«Домбыра шариғатқа қайшы ма?»: ҚМДБ түсініктеме берді
1 апта бұрын
-
Енді ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға қарай белгіленеді
1 апта бұрын
-
Биыл көктемде 21 мыңнан астам азамат әскери қызметке аттанды
1 апта бұрын
-
Уимблдонның басты сенсациясы: 19 жасар қыздың көз жасы және чемпиондардың триумфы
1 апта бұрын
-
Қазақстан Ресейге 50 мың тонна бензин бере ме? Министрлік жауап берді
1 апта бұрын
-
Апат аймағынан хабар: 2200-ден астам адам қайтыс болып, 12 мың тұрғын баспанасыз қалды
1 апта бұрын
-
Қазақстанда жанармай бағасына бақылау күшейтіледі
1 апта бұрын
-
Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2 шілдеде басталады
1 апта бұрын
-
АҚШ пен Канадада неге 250 миллион адамға қауіп төніп тұр?
1 апта бұрын
-
Гаджеттерді шамадан тыс пайдалану ағзаның өзгеруіне әкелуі мүмкін
1 апта бұрын
-
Жаңа Конституция күшіне енді: табиғатты аялау тұңғыш рет әрбір қазақстандықтың міндетіне айналды
1 апта бұрын
-
Президент амнистия туралы заңға қол қойды: Миллионға жуық айыппұл кешіріледі
1 апта бұрын
-
Тоқаев Air Astana басшысына рейстердің кешігу мәселесін шешуді тапсырды
1 апта бұрын
-
Алматы тұрғындарына эвакуация туралы хабарлама келді: ТЖМ түсініктеме берді
1 апта бұрын
-
Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі гимнастика орталығы бой көтереді
1 апта бұрын
-
Қазақстан Құрылтайының алғашқы сайлауы 23 тамызда өтеді
1 апта бұрын
-
Қазақстан мектептерінде жаңа пәндер енгізіледі
1 апта бұрын