$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Дәрі-дәрмек арзандайды – Аймағамбетов

Редакция
25 қараша 2024 03:40 4082
Дәрі-дәрмек арзандайды – Аймағамбетов Сурет авторы: Sputnik / Болат Шайхинов

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасын реттеу тетіктеріне өзгерістер енгізе бастады. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның айтуынша, бұл шаралар дәрі-дәрмек бағасын төмендетуге көмектеседі. Қазіргі уақытта кейбір дәрінің құны көршілес елдермен салыстырғанда жоғары болып отыр. 

Не өзгереді?

  1. Бағаны тіркеуде бірыңғай тәсіл енгізіледі — Дәрі-дәрмектің шекті бағасын белгілеу үшін бірыңғай базалық баға қолданылады. Бұл дәрі-дәрмек құнының негізсіз қымбаттауына жол бермейді.

  2. Негізсіз шығындарды алып тастау — Бұрын маркетинг және тасымалдау шығындары 30%-ға дейін жетіп, оған қоса Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тағы 15% үстеме қосылатын. Енді бұл қосымша шығындар алып тасталады.

  3. Көтерме және бөлшек саудаға қосылатын үстемені төмендету:

    • Көтерме саудадағы үстеме 15-20%-ға дейін төмендейді.
    • Бөлшек саудадағы үстеме 20-30%-ға дейін қысқарады.
  4. Халықаралық деңгейде референттік баға енгізіледі — Дәрі-дәрмек бағасы халықаралық және ұқсас нарықтардағы бағамен салыстырылады. Бұл дәріханалардағы бағаны бақылауды күшейтіп, бағалардың әділ болуын қамтамасыз етеді.

Күтілетін нәтиже:

  • МӘМС және ГОБМП аясындағы шекті бағалар 10-12%-ға төмендейді.
  • Көтерме және бөлшек саудадағы бағалар халық үшін 15-25%-ға арзандайды.

Соңғы жаңалықтар