$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен босатылуы мүмкін

Редакция
24 желтоқсан 2024 02:19 2320
Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен босатылуы мүмкін Сурет авторы: ҚФФ

Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері қызметіне келгеніне небәрі жарты жыл толса да, бұл қызметінен босатылуы мүмкін.

Бұл жаңалыққа Астанада өткен Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президентін сайлау себеп болды. Федерацияның жаңа басшысы болып Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров сайланды. Ол сайлауда ең көп дауыс жинады.

Белгілі қазақстандық спорт журналисі Ермұхамед Мәулен өзінің Telegram-арнасында бұл туралы инсайдерлік ақпарат жариялады. Оның мәліметінше, ҚФФ-ның жаңа президенті ресейлік бапкерді ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен босатуды жоспарлап отыр.

«Орнына 2 қазақстандық және 2 еуропалық маманның кандидатурасы ұсынылған. Қазір заңгерлер Черчесовтің келісім-шартын қалай үзсек деп зерттеп жатыр», – деп жазды Мәулен.

Соңғы жаңалықтар