$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

ChatGPT-ді жасаған компания Google Chrome браузерін сатып алуға ниетті

Редакция
24 сәуір 2025 03:51 4452
ChatGPT-ді жасаған компания Google Chrome браузерін сатып алуға ниетті Сурет авторы: menosfios.com

ChatGPT-ті жасаған OpenAI компаниясы егер Google компаниясы Chrome браузерін сатуға мәжбүр болса, оны сатып алуға қызығушылық танытатынын мәлімдеді. Бұл туралы компания өкілі Ник Терли айтты.

АҚШ үкіметі Google-ды онлайн іздеу нарығындағы үстемдігі үшін бөлшектеуді талап етіп отыр. Chrome – қазіргі таңда әлемдегі ең танымал браузер. Similarweb дерегі бойынша, оны интернет қолданушыларының 64%-ы пайдаланады.

OpenAI өкілі сонымен қатар, компания былтыр Google-ға ChatGPT-ге Google іздеу нәтижелерін интеграциялауды ұсынғанын, бірақ бұл ұсыныс қабылданбағанын айтты.

Қазіргі таңда OpenAI Bing іздеу жүйесі мен Edge браузерінің иесі Microsoft компаниясымен серіктес. Google өз тарапынан ChatGPT-ге бәсекелес Gemini атты жасанды интеллект платформасын жасап шығарған.

Соңғы жаңалықтар