$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

ChatGPT, Алиса: AI қазақ тілінде жұмыс істеуі үшін жаңа заң қабылданды

Редакция
13 ақпан 2025 05:24 2057
ChatGPT, Алиса: AI қазақ тілінде жұмыс істеуі үшін жаңа заң қабылданды Сурет авторы: ЖИ иллюстрациясы

Президент қол қойған жаңа заң аясында қазақ тілінің цифрлық ұлттық сөздік қоры мен ұлттық тіл корпусы заңмен бекітілді. Бұл жасанды интеллект жүйелерінің (ChatGPT, Алиса және т.б.) қазақ тілінде сапалы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Заң авторларының бірі, Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бұл бастаманың басты мақсаты – қазақ тілін жасанды интеллектпен үйлестіру және цифрлық әлемде оның сапалы жұмыс істеуіне жағдай жасау.

Цифрлық сөздік қордың негізгі мақсаттары:

Жасанды интеллект үшін база: Бұл сөздік қор жасанды интеллектке қазақ тілінде дұрыс сөйлеуді, сөздерді контекстке сай қолдануды үйретеді.

Күнделікті қолданыс: Ашық ақпараттық жүйе арқылы кез келген азамат сөздердің дұрыс емлесін, нақты мағынасын оңай таба алады.

Білім беру: Оқушылар, студенттер мен мұғалімдерге сапалы сөздіктер мен анықтамалықтарға қол жеткізу мүмкіндігі беріледі.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобаны өз бақылауында ұстап отыр.

Соңғы жаңалықтар