$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Былтыр қай министрлік қызметкерлері жемқорлықпен ең көп ұсталды?

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 3869
Былтыр қай министрлік қызметкерлері жемқорлықпен ең көп ұсталды?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов өткен жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық фактісімен қай министрлік қызметкерлері жиі ұсталғанын мәлімдеді.

«2023 жылы министрліктер арасында сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша құрыққа жиі іліккен, Ішкі істер министрлігінен 193 адам, Төтенше жағдайлар министрлігінен 31 қызметкер, Қаржы министрлігінен 25 адам, Қорғаныс министрлігінен 17 қызметкер», - деді Арман Тілеукенов агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Тілеукеновтің сөзінше, Антикор сан қуып, статистикаға жұмыс істемейді. Сондай-ақ, агенттіктің ресми өкілі Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттың жария етілмейтіндігін еске салды.

«Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - деп толықтырды А.Тілеукенов.

Соңғы жаңалықтар